Тарих бетінде қалған қастерлі күн...
- Подробности
- Опубликовано: 31 мая 2017
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Тарих бетінде қастерлі күн саналатын «Саяси қуғын-сүргіндерді еске алу күні» жыл сайын тұрақты түрде аталып келеді.
Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Дегенмен, 1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Қазіргі таңда «Ұлтым» деген ұлылардың ұрпақтары бабалар рухына тағзым етіп, ашық сабақтарға, тәрбие сағаттарына, кездесулерге қатысып, өткен күннің тарихы жайлы тәлімді әрі толық мәліметке кенелуде.
Мемлекет басшысының қолдауының арқасында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін тарих бетінде мәңгілік қалдыру мақсатында өте ауқымды шаралар қолға алынуда. Оларға арнап тұрғызылған ескерт¬кіш-тер, олардың жатқан жерлерін іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Сондай бір тағылымды, тарихи оқиғаларға толы сәт Қостанай мемлекеттік педагогикалық инстиутының қабырғасында өткен болатын. 2017 жылғы 15 мамыр күні қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі, доцент, т.ғ.к. Ярочкина Елизавета Викторовна «Депортационно-репрессивная политика в 30-40 годы ХХ века в СССР» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өткізген болатын. Дәріс барысында КСРО тұсындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы тың ақпараттар көпшілікке жол тартты. Сонымен қатар, сол жылдардағы Азаматтық соғыс жайлы мәліметтерге қанық болды жиналған қонақтар. Тың әрі қызықты деректерге толы дәріс соңын Елизавета Викторовна «Елдігіміздің, патриоттығымыздың, отансүйгіштігіміздің белгісін айқындайтын бұл қастерлі күнді жиі насихаттап, оны еске түсіріп, оның соңына қалдырған сабағын болашақ иелері-еліміздің бүгінгі жастарына үйрету-аға ұрпақтың парызы. Өткенді еске түсірмей бүгінді, бүгінді айтпай өткенді айта алмайтын тарихтың бұлжымас қағидасы адам санасынан қай уақытта да өшпек емес. Ұлылардан қалған ұлағатты жол- достық пен татулықтың, ынтымақ пен бірліктің сара жолын көрсетіп келді. Сондықтан біздің халқымыз қай уақытта қандай қуғын-сүргінді бастан кешірсе де туған жердің топырағын теуіп кеткен емес» деп түйіндеді.
2017 жылғы мамырдың 26 күні тарих ғылымдарының докторы А.Б. Таскужина институтымыздың 3 курс студенттеріне «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өткізді. Қазақ зиялыларының барлығын дерлік елден алшақтатып, «елім» деп еңірегендер дұшпаннан бетер қауіпті саналды. Айгүл Бақыткерейқызының айтуы бойынша, зиялы қауым партия қайраткерлінің қателігі мен асыра сілтеуі қатты сынға алынды. Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы ұлт тәуелсіздігіне белсене қатысқан «Алаш Орда» қозғалысының көптеген қайраткерлерін қара тізімге алып отыған. 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды 44 «буржуаз ұлтшыл» қамауға алынған. 1930 жылдары Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Жақып Ақбаев сынды бірқатар қазақтың қаймағы тағы да абақтыға тоғытылған. Олардың көбісі Ресей территориясына ит жеккенге айдалыпты-мыс. Сондай-ақ, дәріс сабағы барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға да ұтйымды әрі нақты жауаптар беріліп отырды.