Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында онлайн-семинар
- Подробности
- Опубликовано: 16 ноября 2016
2016 жылдың 16 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Халықаралық төзімділік күніне арналған «Заманауи қоғамдағы этносаралық және діниаралық төзімділіктің мәселелері» республикалық онлайн-семинар өтті. Семинар жұмысына 7 республикалық ҚХА кафедралары қатысты. Ұйымдастырушылар семинарға дайындық кезінде Қазақстанның батысын, шығысын, оңтүстігін және солтүстігін ұсынуға тырысты. Диалогтық алаңдар ұсынғандар:
- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Диалогтық алаң жетекшісі: Мамытова Сауле Насеновна, т.ғ.д., профессор, ҚХА кафедрасының меңгерушісі)
- М.Утемисов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті (Диалогтық алаң жетекшісі: Салов Владимир Юрьевич - т.п.д., профессор, ҚХА кафедрасының меңгерушісі)
- Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Диалогтық алаң жетекшісі: Айдарбаева Раушан Кайсановна, ҚТ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі)
- И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Диалогтық алаң жетекшісі: Ханина Надежда Николаевна – п.ғ.к., доцент, ҚХА кафедрасының меңгерушісі)
- М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (Диалогтық алаң жетекшісі: Дамбаулова Гульмира Каримжановна – э.ғ.к., PhD докторы, экономика факультетінің деканы)
- А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті (Диалогтық алаң жетекшісі: Капышев Ардак Каиржанович - ҚХА кафедрасының меңгерушісі)
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты (Диалогтық алаң жетекшісі: Евдокимова О.Н. - п.ғ.к., доцент, ҚХА кафедрасының меңгерушісі).
Іс-шара ҚМПИ ректоры, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлының құттықтау сөзімен басталды, әрі қарай сөз диалогтық алаң жетекшілеріне берілді. ҚМПИ негізінде диалогтық алаңды ҒСТ төрағасы, облыстық ҚХА мүшесі, ҚФ ЧелМУ ғылыми жұмыс бойынша директор орынбасары Бекмагамбетов А.Б. ұсынды. Алимжан Бауржанович өз сөзінде Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіндегі сараптамалық сүйемелдеудің рөлі жайлы айтты. Семинарда қозғалған заманауи Қазақстан қоғамындағы мәселелердің өзектілігі жайлы ҚМПИ қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин С.В. айтып өтті.
Этносаралық және діниаралық төзімділіктің қалыптасуы бойынша, ҚМПИ студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жайлы 4 курс студенті, студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекшісі Батыргужин Амир айтып өтті. Семинарда Қазақстандағы діни төзімділіктің жағдайы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіндегі сараптамалық сүйемелдеудің рөлі, ҚХА кафедрасы жұмысының мәселелері қарастырылды. Барлық семинар қатысушыларына жемісті жұмыс үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!