Медиация тарихы: күрделі шешімдерге қарапайым жолдар іздеу!

23 ақпанда ҚХА кафедрасында «Медиация және халық дипломатиясының даму тарихы» тақырыбы бойынша медиация және халық дипломатиясы Мектебінің екінші сабағы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында ақпан айыннан бастап медиация және халық дипломатиясы Мектебі өз жұмысын бастап кеткенін еске салсақ болады. Мектеп мақсаты: институт студенттерін келіспеушіліктерді шешуде делдалдықтың негізгі қағидаларына үйрету. Бұның барі болашақ педагогтарға қажет, себебі мұғалім заманауи мектепте тек өзінің кәсіби функцияларын ғана емес, мектеп келіспеушіліктерін шешетін және оларды болдырмау мүмкіндіктерін қарастыратын модератор жұмысын жасайды. Сабақты институттың тәжірибелі оқытушылары, Қостанай облысы Достық үйінің мамандары мен тренерлері тегін өткізеді.

Екінші сабақ әлемдегі медиация дамуы тарихынның негізгі кезеңдеріне арналады. Сабақты қосымша білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Самаркин С.В. және ҚХА кафедрасының доценті, PhD докторы Козыбаева М.М. өткізді. Сабақ пікірталас, рөлдік ойындар және викторина түрінде өтті. Доцент Козыбаева Махаббат Маликовна медиация тарихы түбірімен терең көнелікке кететінін айтып өтті. Әр тарихи дәуірде келіспеушіліктерді уақытша немесе түпкілікті шешетін әртүрлі тәсілдер болған. Медиация процедурасы – келіспеушіліктерді шешу тәсілдері көне әлемде қолданылған: Қытай, Жапония, Грекия, Римда, бірақ заманауи түрде медиация институты ХХ ғ. ортасында АҚШ пайда болды.

Школа медитации

Самаркин Сергей Владимирович тарихи процесстердегі келіспеушіліктердің ерекшеліктері туралы айтып берді. Викторина процессінде студенттер әлем тарихында болған келіспеушіліктер түрлерімен танысты және нақты мысалдар арқылы олардың шешілуін қадағалауға тырысты. Студенттерге тарихта келіспеушіліктердің делдалдық пен келіссөздер арқылы шешімін тапқан жарқын мысалдар келтіру ұсынылды, оны олар сәтті орындады. Медиация және халық дипломатиясы Мектебі ҚХА кафедрасында сәуір айының соңына дейін жұмысын жалғастырады. Курс аяқталғаннан кейін барлық тындаушыларға сертификаттар беріледі.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Медиация тарихы: күрделі шешімдерге қарапайым жолдар іздеу!