Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ұлт» Облыстық шығармалар сайысының қорытындысы
- Подробности
- Опубликовано: 03 марта 2017
2017 жылдың 3 наурызында 11.00 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен, Алғыс күніне арналған «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ұлт» Облыстық шығармалар сайысының қорытындылау салтанатты рәсімі өтті. Бұл күні барлық Қазақстанда тұрып жатқан этностарға бір-біріне деген достығы, түсіністігі үшін, қазақ халқына қатан тоталитарлы режимінде, қайғылы депортация кезіндегі көрсеткен мейрімділіктеріне, жүрек жылуларына және көмек көрсеткендіктеріне алғыс айту дәстүр болып келеді.
Ұйымдастырушылар: Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы.
Сайыс мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа қазақстандық патриотизм тәрбиелеу; білім алып жүрген жастарда толерантты мінез-құлық қалыптастыру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыстарын жандандыру.
Облыстық сайысқа Қостанай облысының жалпы білім беру мекемелерінің 9-11 сынып және орта кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары шақырылды. Сайыс жұмыстары мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ұсынылды. Сайыс қорытындысы бойынша жақсы шығармашылық жұмыстар кірген жинақ шығарылды.
Фотогалерея