Қоғам қызметіндегі кәсіби медиация
- Подробности
- Опубликовано: 13 апреля 2017
2017 жылдың 13 сәуірінде Қостанай облысының медиаторлар Ассоцияациясында (әрі қарай ҚМА) Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының медиация және халық дипломатиясы Мектебінің көшпелі сабағы өтті. Сабақ мақсаты: кәсіби медиаторларды дайындауда ҚМА тәжірибесін зерттеу, медиация жайлы, медиация және медиативтік процессінің құжаттамалары саласындағы заңнамалық-құқықтық база жайлы теориялық білімін бекіту. Қонақтарды ҚМА қызметкерлері қарсы алды: ҚМА президенті, медиатор Богатырев Сергей Алексеевич, психолог, жаттықтырушы-медиатор Зуев Игорь Александрович, тәжірибелі заңгер Соболев Вадим Николаевич. Іс-шараға медиация Мектебінің тындаушылар-студенттерлері, сонымен қатар институт оқытушылары: С.В. Самаркин – т.ғ.к., қосымша білім беру факультетінің деканы, О.Н. Евдокимова – п.ғ.к., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, М.М. Козыбаева – PhD докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ медиаторлары - Ольга Кравченко және Марина Навоева.
ҚМА президенті Богатырев С.А. Ассоциация кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың дайындығын жүзеге асырады, кәсіби емес медиаторларды анықтап, жергілікті атқарушы органдардың есебіне тұрғызуға жәрдемдеседі, тренингтер, қоғамдық тындаулар, т.б. өткізеді деп айтып өтті. Ұйымдастырушылар түсіндіріп өткендей, медиацияда жоғары білімі болғаны өте манызды, сондай-ақ жас ерекшелігі: сонымен кәсіби медиатор міндетті түрде 25 жаста болу керек, кәсіби емес медиаторлар – 40 жаста, дегенмен соңғы уақытта 30 жасқа дейін түсіру мәселесі қарастырылуда. Кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың айырмашылығы алдымен кәсіпқойда арнайы дайындық курсын (50 сағаттан бастап) өткен куәлігінін болуында, ал халық медиаторы өзінің жеке сипаттамасына және өлкен өмірлік тәжірибесіне, сондай-ақ қызметін ақылы немесе өтеусіз негізде атқарғанына қарай белгілі бір аймақ тұрғындарымен сайланады. Медиаторлар соттарды көптеген шағымдар санынан босату үшін, әсіресе азаматтық істер бойынша, сонымен қатар қоғамдық коммуникациялардағы қалыпты климатты қалпына келтіру үшін қажет. Жаттықтырушы-медиатор Зуев И.А. медиативті тәжірибеде қоғамдық коммуникациялардың ерекшеліктерін есепке алатын, психология мен құқықтану жетістіктерінің қолданылуы өте маңызды деп атап өтті. Сондықтан кездесу «Снежный ком» тренингі ретінде танысудан басталды, соның аркасында бүкіл қатысушыларға бір-бірін танып білуге мүмкіндік берілді.
Заңгер Соболев В.Н. медиативті процессі сот талқылауында болатын бітімгершілік келісімнен ерекшеленеді. Сонымен қатар медиация арқылы қылмыстық және ұлттық қауіпсіздікке қауіп келтіретін істерден басқа, барлық дерлік келіспеушіліктерді шешуге болады. Сондықтан медиацияны көбінесе соттан тыс талқылау деп атайды, және оны келіспеушіліктің сотқа дейінгі шешу формасы деп атау қате болып келеді. Лекторлар үш тарапқа тарайтын, медиацияның негізгі принциптеріне үлкен назар аударды – процесс қатысушыларына (медиатор мен келіспеушілік тараптары): еріктілік, теңдік, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, үшінші тұлғалардың процедураға араласпауы, құпиялылық.
Жалпы, кездесудін оқу-тәжірибелік және танымдық сипаты болды: Ассоциацияның тәжірибелік жұмысынан жарқын мысалдар келтірілді, бастаушы медиатордардың мүмкін болатын қателері талқыланды, нақты медиацияларды жүзеге асырудағы үрдістер айқындалды, тәжірибелік ұсынымдар берілді. Тындаушылардың сұрақтарына лекторлармен толық жауаптар берілді, кездесу қызықты талқылаумен өтті. Медиация және халық дипломатиясы Мектебінің тындаушылары мен оқытушылары ҚМА қызметкерлеріне алғыс сөздерін, сонымен қатар одан әрі медиаторларды дайындау процессіндегі ынтымақтастықтарына үміт білдірді.