Қоғамдағы келіспеушіліктер және жаңа діни ағымдар

2017 жылдың 9 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында осы тақырып бойынша медиация және халық дипломатиясы Мектебінің кезекті сабағы өтті. Шақырылған эксперт ретінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ бөлімінің жетекшісі Маренинова Валентина Викторовна және Қостанай облысы әкімдігі Достық үйінің медиаторы Навоева Марина Владимировна сөз сөйледі.

Өсіп келе жатқан ұрпақтын ортасында заңсыз ағымдардың өзектілігіне байланысты, сонымен қатар жаңа діни ағымдардың қызметі, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық келіспеушіліктердің шешілуінде медиаторлардың рөлі арта түседі. Қонақтар Мектеп тындаушыларына деструктивті діни ұйымдарға жаңа ізбасарларды тарту әдістерін айтып берді.

Валентина Викторовна деструктивті бағыттың элементтерін қолданатын діни ағымдардың белгілерін, адамдарға әсер ету тәсілдерін, олардың табынушыларға айналуының себептерін ашып берді. Мектеп тындаушылардың рөлдік ойындарға қатысып, діни экстремисттік ұйымдар әсерінің негізінде әлеуметтік келіспеушіліктердің пайда болуынын ішкі механизмін түсінуге мүмкіндіктері болды.

Сабақта тренингтер өткізілді және тәжірибелік сипаттамысы болды. Бүгінгі таңда табынушылардың заманауи қоғамға әсер етуі өзекті мәселе болып келеді, әсіресе жасөспірім ортасында. Студенттер – болашақ педагогтар айтылған ақпарат және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу әдістері, олардың педагогикалық және медиативті қызметтерінде белсенді қолданылатының сенімділікпен айтып өтті.

Медиация және халық дипломатиясы Мектебі ҚХА кафедрасында сәуір айының соңына дейін жұмысын жалғастырады. Курс аяқталғаннан кейін барлық тындаушыларға сертификаттар беріледі.       

2017.03.09

2017.03.09

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қоғамдағы келіспеушіліктер және жаңа діни ағымдар