«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА»
- Подробности
- Опубликовано: 28 сентября 2017
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласын іске асыру іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 2017 жылдың 28 қыркүйегінде «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА» атты студенттердің аймақтық конференциясы өтті.
Конференцияға қатысу үшін қарастырылатын мәселелер бойынша қызығушылық білдіретін Қостанай қаласы, Қостанай облысының жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.
Ахметов Тілеген Әлмұханұлы, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;өз сөзінде,білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен негізгі көкейкесті проблемаларын анықтау, бүгінгі жаһандық бәсекелестік жағдайындағы ұлттық білім беру жүйесінің басымдықтары туралы айтты.
Пленарлық мәжілісте ұсынылған студенттің 5 баяндамасы болды:
- Жангылши Абылай, 4 курс, специальность «История». Влияние алашской интеллигенции на национальное самосознание казахов. Научный руководитель: Шахаман Зәмзәгүль Бәйекеқызы, декан социально-гуманитарного факультета, кандидат исторических наук, доцент.
- Әбілдаева А.Ш., «Дефектология» мамандығының, 4 курс студенті. «Туған жер-мәңгілік ел» төңірегінде тәрбие жұмыстарының маңыздылығы. Научный руководитель: Айдналиева Назгуль Аманжоловна, «Психология және педагогика» факультетінің деканы; пед.ғылым.канд ҚМПИ.
- Досанова Гульнур, 4 курс, мамандық «Тарих». «Мәңгілік ел» - қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізі. Ғылыми жетекшісі: Анасова Айнаш Бектурсыновна, тарих ғылымының магистрі, аға оқытушы.
- 4.Мурзагалиев Руслан, Социально-гуманитарный факультет, 4 курс. Институт медиации как превентивная мера в разрешении конфликтов. Научный руководитель: Евдокимова Ольга Николаевна, канд. пед. наук, доцент КГПИ, заведующая кафедрой АНК КГПИ.
- Сейткенова Маххабат, психолого - педагогический факультет, 4 курс. Развитие личностного ресурса в студенческом возрасте. Научный руководитель: Назмутдинов Ризабек Агзамович, кандидат психологических наук, доцент
Пленарлық мәжілістің соңында сөз кезегі конференцияның модераторы, жобалау офисінің жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Балгабаева Гаухар Зкрияновна жиналған студенттер мен оқытушыларға секция жұмыстарының реті жөнінде айтты.
Конференцияда 45 баяндама тыңдалды. Конференция қорытындысы бойынша конференцияның мақалалар жинағы Pdf форматта жарияланды. Конференцияға қатысушыларға әр автордың конференцияға қатысуын растайтын ұйымдастыру комитеті мөрiмен расталған және қол қойылып бекітілген формасы түрінде тіркелеген сертификат табысталды.