Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Қауымдастығының V-ші отырысында ҚХА кафедраларының жетістіктері мен жұмыс мәселелері талқыланды
- Подробности
- Опубликовано: 15 ноября 2017
2017 жылдың 15 қарашасында Гумилёв Л.Н. атындағы Еуразия ұлттық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Қауымдастығының V-ші отырысы өтті.
Кездесуде ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер, магистранттар мен университет студенттері қатысты.
Отырысты құттықтау сөзбен ЕҰУ ректоры, Гумилёв Л.Н. атындағы академик Сыдықов Е.Б.ашты, ол ғылыми- практикалық орталығы ретінде ҚХА кафедраларының маңыздылығын атап өтті. «Кафедраның ашылу идеясы ЕҰУ-дың қабырғасында Ғылыми кеңестің сессияларының бірінде, концеренц-залда пайда болды, бүгінде сол жерде ҚХА кафедраларының Республикалық Қауымдастығының V-ші отырысы өтіп жатыр. Бірнеше жыл бойы жұмыс жасап жатқан біздің кафедраның өзінде ҚР 33 ЖОО-да ҚХА кафедралары ашылды.Олардың барлығы ҚХА кафедраларының Қауымдастығына енді». Өз сөзінде Ерлан Батташұлы, қазіргі Қазақстанның дамуына және еліміздің болашағына ҚХА кафедралары үлкен үлес қосатының атап өтті.
Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай белсенді қатысты. Өз сөзінде ол ҚХА кафедраларының және ҚХА кафедралары қауымдастығының рөлі мен қызметі, оның қызметі тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарғаның жоғары бағалады. «ҚХА кафедраларының жұмыс барысында адами капиталды дамыту үшін жаңа әлеуметтік технологияларды енгізуде құрал мен іскерлік алаңдар тиімді болды. Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының XIV форумы барысында(2017 жылғы 9 қараша) ҚР Президенті «2030 жылға дейін, сарапшылардың болжамы бойынша, түрлі салалардағы кәсіптер шамамен 60% жойылып кететінін, бір мезгілде 180-нен астам жаңа кәсіптер пайда болатынын атап өтті. Қазіргі Қазақстан «Елді үшінші жаңғырту» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Онда адами капиталдың сапасын жақсарту, адамдардың әлеуметтік әл- ауқатын жақсарту міндеті белгіленген. Бағдарлама 2050 жылға қарай қосымша Жоспар бойынша 30-шы дамыған елдердің қатарына орнықты қамтамасыз етуге бейімделген. Осы мәнмәтінде, ҚХА кафедраларының жұмысының маңызды мәселелердің бірі патриотизмді қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, өз ұлттық коды мен ерекшелігін сақтау,білімге құштарлық және ашықтық сана болып табылады».
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Л.А.Гривенной және Дулати М.Х. атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі П.И. Мамедова сөз сөйледі, тәжірибе алмасу және өз жұмысының ұйымдастыру тәжірибелерімен таныстырып өтті.
Дегенмен,отырыстың осы бөлігінде барлық жиналған ҚХА кафедраларының меңгерушілері «Түйінді мәселелер мен жетістіктер» туралы айтты.
Отырыс барысында Гумилёв Л.Н. атындағы ЕҰУ ҚХА кафедраларының қызметкерлерімен әзірленген «Мәңгілік Елдің Құндылықтары» бағдарламасы таныстырылды.