ҚМПИ тарихшылары - ЖОО аралында өткізілген интеллектуальды ойын жеңімпаздары

2017 жылдың   5 желтоқсанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындары арасында «Менің елім Қазақстан» атты брейн-ринг өткізілді. Біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт құрамасының атынан алты студент қатысты. Олар «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері Айдана Идрисова, Асем Бисекеева, Эльвира Махамбетова, Айдар Бидалов, Владимир Скеркс және команда капитаны - Әділ Қаратаев.

Сұрақтар негізінен, облысымыздың тарихи өлкетануы мен ежелгі Қазақстан дәуірінен қойылды. Телевизиялық «Что, Где, Когда», видео сұрақтартардан тұрды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері, облыстық тарихи-өлкетану мұрайжайының қызметкерлері және Қостанай қаласының оқушылары мұғалімдері қойылатын сұрақтарды құрастырды.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткен интеллектуальды ойында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрамасы жеңіске жетті.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ҚМПИ тарихшылары - ЖОО аралында өткізілген интеллектуальды ойын жеңімпаздары