«Туған жер» бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері және рухани – адамгершілік құндылықтарының әсері арқылы Қазақстанның патриотизмін тәрбиелеу» отырыстың қорытындысы.
- Подробности
- Опубликовано: 09 ноября 2017
Қазіргі Қазақстандағы рухани жаңаруды нығайту және дамыту бұл біртұтас нығайту қағидаты болып табылады.Басты басымдық үшін - патриоттық рух, жаңару рухы, дәлелділік пен жеңіс болу керек. Мемлекет басшысы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында еліміздің саяси бағытын тұжырымдамалық түрде баяндап, білім саласындағы, оның ішінде жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу саласындағы басым міндеттердің ауқымын батылдықпен таныстырды. Бүгінгі мәселені шешу көпұлтты және көпконфессионалдық мемлекеттің табыстылығының негізі болып табылады.
Жоғары оқу орындары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың этносаясат және этномәдени білім беру саласындағы идеяларының белсенді таратушылары болып табылады, осы бағыттағы Қазақстан Республикасы Президентінің жұмысын қолдайды. Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасында Мемлекет пен мемлекеттік саясатты дамытудың бірлігі, Ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту Стратегиясының қоғамдық санасына қолдау көрсету деңгейін арттыру мақсатында, «Экономиканы және қоғамды жаңғырту - Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайту және «2050 Стратегиясының» мақсаттарына жету жөніндегі аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияның дайындалған шаралары аясында «Туған жер» бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері және рухани – адамгершілік құндылықтарының әсері арқылы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу» атты отырыс өтті.Бұл кездесу Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының және «ҚАЗАҚ» қоғамдық қорының қолдауымен өткізілді.
Р.К. Бекмағамбетов дөңгелек үстелдің қонақтарына және баяндамашыларына құттықтау сөз сөйлеп,отырыстың тақырыбымен, ережелерімен және баяндамашыларды таныстырып өтті.
Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тарапынан аймақтық мониторинг және талдау бөлімінің меңгерушісі Какимова Салтанат Сабитбекқызы құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол дөңгелек үстелдің және аймақтық конференцияны өткізудің негізгі міндеттерін анықтады.
Дөңгелек үстелге қатысқандар келесі баяндамаларды тыңдады: тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы «Тарихи пәрменді тәрбие құралы»; ҚМПИ МДжБББ кафедра меңгерушісі,п.ғ.к. Ли Елена Дмитриевна Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білім - табыстың іргелі факторы ретінде» мақаласы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбы; қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының кандидаты Амантаева Айгүл Бағытжанқызы және тарих ғылымдарының кандидаты, қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі Ярошкина Елизавета Викторовна гуманитарлық білім беру мәселелеріне қоғамның рухани қауіпсіздігінің маңызды шарты ретінде өз баяндамаларын ұсынды; қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Шошақова Жанар Қарасынқызы «Мәңгілік ел» құндылығы - ұлттық тәрбиеде» атты баяндамасын ұсынды; п.ғ.к.,«Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасының профессоры Карбенова Зауре Уразбекқызы және п.ғ.к., «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Евдокимова Ольга Николаевна өз баяндамасын «Tуған жер» бағдарламасы - жалпыұлттық патриотизмнің негізі және жастарды рухани жаңғырту» мәселесіне арнады; ал педагогика және психология магистрі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Хамзин Күлшат Бақытжанқызы «Туған жер – тәрбиенің басты негізі» атты баяндамасында «Tуған жер» бағдарламасының негізгі қағидаларын ашты.
«Адам патриот боп дүниеге келмейді, ол қоғамдық өмірде және тәлім- тәрбие алу барысында соған айналады» - мұндай сөздер дөңгелек үстелде басты пікірді білдірді және оны шешудің негізін құрады.