Бүгін медиация мектебінде және халық дипломатиясында қақтығыстың маңызы мен құрылымын зерттеді
- Подробности
- Опубликовано: 18 октября 2017
«Мен жанжалсыз қарым-қатынастарды қалай құруға болатынын білгім келеді», «Мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар туралы көбірек білгім келеді», «Маған психология ұнайды», «Өзін-өзі дамыту үшін медиация әдістерін үйренгім келеді» және т.б. дәл осындай тілектерді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының негізінде 2017 жылы 18 қазанда өткізілген екінші сабақта, Медиация мектебінің және Халық дипломатиясының тыңдаушылары мен қонақтары айтқан болатын.
Еске сала кетейік, медиация және халық дипломатия мектебінің ашылуы 2017 жылдың ақпан айында өтті. Бірінші курс соңында біздің барлық тыңдаушыларымыз 2017 жылдың мамыр айында Медиация мектебінде оқуды табысты аяқтағаны үшін сертификаттар алды.
Біздің сабақтарда тыңдаушылар дауларды болдырмау жағдайы үшін балама технологиялар туралы білім алады; қақтығысты анықтау, басқару және шеше білу; қақтығыстарды болдырмау, шешу және алдын алудың негізгі дағдыларын игеру.
2017 жылдың 12 қазанында оқу жылының екінші курсы басталды. Бұл сабаққа №22 және №20 орта мектеп оқушылары, ҚМПИ студенттері, сондай-ақ Медиация мектебінің мұғалімдері қатысты. Биылғы жылы Медиация мектебінің курстық бағдарламасында кең ауқымды тақырыптар:
«Медиацияның тарихы:сот биінен қазіргі заманға дейін», «Этномәдени медиация», «Еңбек саласындағы медиация», «Заманауи отбасы және оның бұзылуы», «Арт-медиация», «Арт-терапия» және әрине, біз педагогикалық жоо болғандықтан педагогикалық мамандарды дайындаймыз, сабақтардың көбісі «Мектеп медиациясы» мәселелерін зерттеуге арналған. Біз екі көшпелі сабақ өткізуді жоспарлап отырмыз: Қостанай облысы әкімдігінің (Достық үйі) «Қоғамдық келісім» ҚМУ Медиация кабинетінің базасында және АҚ «Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы» қабырғасында.
18 қазанда, сәрсенбіде, мектеп бағдарламасының аясында екінші сабағы өтті. Жаттықтырушы ретінде п.ғ.к., доцент Т.И. Смаглий сөз сөйледі. Тыңдаушылар қақтығыс тұжырымдамасын, оның маңызы мен құрылымын қарастырды. Біз өте қуаныштымыз, өйткені бізге екінші сабаққа жаңа тыңдаушылар қосылды, «Психология» мамандығының 4 курс студенті Убей-Волк Павел танысуға тренингті қайталады. Сонымен қатар, Медиация мектебі және Халықтық Дипломатия өз жұмысын 2018 жылдың сәуір айына дейін жалғастырады және біздің мектептегі сабаққа қатысқысы келетіндердің барлығын шақыруға қуаныштымын.