Жаңартылған бағдарламалық оқыту бойынша әдістемелік семинар

2018 жылдың 12 қаңтары күні Қазақстан тарихы кафедрасы өзара әріптестік шеңберінде қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе жаңартылған бағдарламалық оқыту бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік семинар өтті. Семинарды Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары категориялы мұғалімі Арайлым Еришева өткізді. Семинардың мақсаты ретінде Типтік оқу бағдарламалары орындалуының ұзақ мерзімді жоспарындағы 5-9 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» бойынша орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұны қарастырылды.

Семинар барысында тілдік мақсат, пән бойынша оқыту мақсаты, пәндік лексика және терминология, хатқа арналған қажетті сериялық фразалар, сонымен қатар ұзақ мерзімді жоспардың бөліктеріне қатысты сұрақтар қойылып, жауап берілді. Тақырыпқа сай мысал ретінде «Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдардың өмірі» атты сабақтың барысы көрсетіліп, таныстырылды. Оқытушылар жаңартылған бағдарламалық оқыту бойынша құжаттармен, критерийлік бағалаудың жай-күйімен, 5,7 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы бойынша жаңа оқулықтармен танысты.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Жаңартылған бағдарламалық оқыту бойынша әдістемелік семинар