«Қазіргі мектептерде тарихты оқыту моделін білім берудің жаңартылған призмасы арқылы жүзеге асыру»
- Подробности
- Опубликовано: 04 марта 2018
2018 жылдың 4 наурыз күні Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра апталығы аясында «Қазіргі мектептерде тарихты оқыту моделін білім берудің жаңартылған призмасы арқылы жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстелді кафедра оқытушылары Бекмағамбетова М.Ж, Исенов Ө.И., Анасова А.Б. ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту туралы түсіндіру және білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы бағыт беру.
ҚР мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен бірнеше аудандардан (Федоров, Алтынсарин, Щербаков, Таран, Әулиекөл, Затобол, Глазуновка) және қала мектептерінің (№20, №115, №10, №9, №15, №17 ) мұғалімдері қатысып, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тарих пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу барысында мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген мәселе бойынша ой бөлісті. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқулықтағы тапсырмалар жөнінде мұғалімдер пікір білдірді.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті талқыланды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында т.ғ.к. Исенов Ө. . қазіргі «тарих» мамандығының студенттеріне тарихты оқыту әдістемесінің жаңаша бағытта оқытылуы жайлы айтып өтті.
Тарих магистрі Анасова А. Б. білім саласындағы өзгерістерге тоқталып, оқулықтардағы тапсырмаларды шешу жолдарының ерекшеліктерін баяндады.
Жалпы, дөңгелек үстел сұхбаттасу, кері байланыс форматында өтті.
Іс-шараның соңында кафедра меңгерушісі т.ғ.к. М.Ж. Бекмағамбетова дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, мұғалімдерге дөңгелек үстелге қатысқаны жөнінде сертификат табысталды.