«Ғылымға алғашқы қадам»
- Подробности
- Опубликовано: 28 марта 2018
28-наурыз күні Қостанай қаласы №5 мектеп-гимназияда 1-4 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмысына Сапиева М. С., Қасаболат А. Ж. Амирхамзин Н. Х. әділқазылық жүргізді. Ұйымдастырушы қалалық дарынды балалармен жұмыс жүргізу "Дарын" зерттеу ғылыми орталығы. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде "Тәрбие және білім" бөлімі бойынша жүзеге асырылды. 8-секция робототхника, технология, этнотолерант, денсаулық, қорғашаған ортамен танысу, бейнелеу өнері және музыка өнері, және ағылшын тілі. "Бейнелеу өнері және музыка" секциясы бойынша 17 оқушы қатысты.
«Қобыздың құдыреті», «Суда сурет салу өнері - Эбру», «Жергілікті мүсінші Баян Баталова», «Қостанайлық композитор Қ. Дерипсалдиннің туындыларындағы туған жер» осы сияқты әртүрлі зерттеу жұмыстары болды. №3 мектеп-гимназия, №18 мектеп-гимназия, №8 орта мектеп, №9 орта мектеп, №19 негізгі орта мектеп, №21 негізгі орта мектеп қатысты. Бейнелеу өнері бойынша 10 жұмыс лайықты орын алды, музыка өнері бйынша 3орын лайықты деп табылды. Молдагалиева Айым №9 мектеп оқушысы зерттеу тақырыбы «Қобыздың құдыреті», 3-сынып оқушысының жұмысы ерекше деп танылып 1-орынды иеленді. Барлық зерттеу жұмысының жеңімпаздарын және ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!