Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жыл толуына арналған портрет- кеш

16 қазан күні Л. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен өлкемізден шыққан ақын, азапты айдауда болған алашордашылардың бірі – Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жыл толуына арналған «Көкірегі алтын көмбе – Файзолла Сатыбалдыұлы» атты портрет- кеш өтті.

Кешке Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспанов, ҚР ұлттық қауіпсіздік ардагері, полковник, Сатыбалды ишанның шөбересі – Рамазан Зияуйтденов, Файзолла Сатыбалдыұлының ұрпақтары, ҚМПУ профессоры Өтеген Исенов және 3 курс «тарих» мамандығының студенттері қатысты.

Кеште қонақтар ақын Файзолла Сатыбалдыұлының өміріне қатысты деректер мен тағылымды шығармашылығы туралы ойларымен бөлісіп, ақынның өлеңдерін оқыды. Файзолла Сатыбалдыұлының өмір жолы мен өлеңдері топтасырылған «Көкірегі алтын көмбе» атты Рамазан Зияуйтденов құрастырған кітаптың тұсаукесері өткізілді.

Кеш соңында қонақтар кітап көрмесі мен танысып, естелік суретке түсті.

Отеген Исенов

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жыл толуына арналған портрет- кеш