«Бір ел – бір кітап»
- Подробности
- Опубликовано: 24 октября 2018
2007 жылдан бастап Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Биылғы жылы қазылар алқасының шешімімен үш кітап таңдап алынды: Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» және Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары.
2018 жылғы 24 қазанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері үшін Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармасы бойынша талқылау-кездесуі өткізілді. Шәкәрім – философ, ойшыл, тарихшы, ақын, Абай мұраларының рухани мұрагері. Талқылау барысында «Көзқарас» стратегиясы қолданылды. Студенттер еркін түрде осы философиялық шығарма туралы өз көқарастарын білдірді. Оларда жазылған шындықтарды анықтауға ҚМПУ-дың қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Бухметова Анар Аманжолқызы көмектесті. Шәкәрімнің айтып кеткен анықтары өткен ғасырда да, қазір де өзекті деген тұжырымға келді.
Бухметова Анар Аманжоловна