«Көркем сөз алыбы» атты оқырман конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 22 октября 2018
2018 жылғы 22 қазанда Әмбебап оқу залы Лев Николаевич Толстойдың 190 жылдығына арналған «Көркем сөз алыбы» атты оқырман конференциясын өткізді.
Шарада философия ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ қауымдастырылған профессоры Б. Х. Әлшанова және кітапхана ісінің ардагері С. С. Юсупова сөз сөйледі. Жазушының туған және жерленген жерін – Ясная Полянаны көру мүмкіндігіне ие болған қонақтар өздерінің сапарлары жайындағы әсерлерімен бөлісіп, Лев Толстойдың шығармашылығы туралы пікірлерін білдірді.
Оқырман конференциясына ЖОО филология факультеттерінің студенттері, қала жұртшылығы қатысты. Кездесу барысында шара қонақтары Лев Толстойдың «Крейцер сонатасы», «Әзәзіл» секілді танымал шығармалары туралы пікір алмасты.
Қатысушылардың назарына «Әлем әдебиетінің эвересті – Лев Толстой» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды.