Қожаберген батырдың мерейтойында

-

2018 жылдың 16 қазанында «Рухани жаңғыру» аясында ұлыларды ұлықтау мақсатында және де қазақ халқының әйгілі қаһарманы, жырау, күйші, батыр, қолбасшы Қожаберген Толыбайұлының туғанына 355 жыл толуына орай, Петропавл қаласында атақты жырауға арнап ескерткіштің салтанатты ашылуы қарсаңында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қожаберген жырау - Тәуелсіздіктің, Қазақ мемлекетінің және халық бірлігінің символы» атты республикалық ғылыми конференция өтті.

Конференция барысында ҚР БҒМ ҒК «Мемлекет тарихы» институтының директоры, профессор Бүркiтбай Аяған, Қазақ Ұлттық аграрлық университетiнiң «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының жетекшiсi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигi, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелдi Әбжанов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң профессоры, заң ғылымдарының докторы Ербол Абайдiлдiнов, ҚР ҰГ ӘИ «Әскери педагогика және психология» кафедрасының бастығы, подполковник Мұрат Шапашев, ҚР ҰА құрметтi академигi, әл-Фараби атындағы Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының жетекшiсi, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң профессоры, филология ғылымдарының докторы Серiк Негiмов, «Жетi жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстанның еңбек сiңiрген заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараұлы, Қостанай мемлекеттiк педагогикалық университетiнiң профессоры, тарих ғылымының докторы Аманжол Күзембайұлы, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, ақын, жазушы, драматург Баянғали Әлiмжанов баяндама жасады.

Осы конференцияда профессор Аманжол Күзембайлы Республикалық «Қаһармандар» қоғамдық қорының алғыс хатымен, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың құрмет граматасы және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің Академик Манаш Қозыбаев медалімен марапатталды.

Байдалы Рауан Жомартұлы

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз