Әділдікті ту еткен ұстаз
- Подробности
- Опубликовано: 16 ноября 2018
2018 жылғы 9 қарашада, сағат 14.30-да, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсаттағы «Әділдікті ту еткен ұстаз» әдеби сазды кеші өтті. Кештің қонақтары Рудный қалалық сотынан Ержанов Сайлаухан Әділханұлы, №115 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Молдабеков Жасұлан Мұхтарұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құқық пәнінің оқытушысы Молдахметов Нұрсұлтан Бауыржанұлы болды. Кеште № 115 орта мектептің 5 сынып оқушыларыҚазақ хрестоматия беттерінен «Әділдік» атты көріністі қойды.
№2 мектеп гимназиясының 6 сынып оқушыларыЫбырай Алтынсариннің өлеңдерін қазақ тілінде орындап берді. № 23 мектептің оқушылары қазақ биін биледі. Кештің қонақтары дөңгелек үстелде балаларға Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқына қалдырған мұрасының маңыздылығын түсіндіріп, оларға өз ақыл-кеңестерін айтты.
Н.Б.Молдахметов.