ӘГФ-і «Бірлік» командасы «Мәңгілік елім» зияткерлік сайысында жеңімпаз атанды
- Подробности
- Опубликовано: 15 ноября 2018
Жақында Рухани Жаңғыру – «Мәңгілік елім» атты жобасын іске асыру аясында, облыстық Достық үйінде зияткерлік ойын өтті. Бұл ойынның мақсаты - Қазақстан Республикасының өткен тарихын білуде студенттердің қызығушылығын оятып, еліміздің тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін еске түсіріп, студенттердің интеллектуалдық ой-өрісін кеңейтіп, оларды толеранттылық пен патриоттықсезімге баулу.
Ойынға Қостанайқаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінен құралған құрамалар қатысты. Олар өткізілген іс-шарада «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының ең үздік жүлдегері атануға белсене араласты.
Зияткерлік ойын - туған жер мен Қазақстанның Қызыл кітабі шеңберінде әртүрлі сұрақтардан тұрды. Бес кезеңнің қорытындысы бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері ең үздік құрама атанып 1-ші дәрежелі диплом және тәтті сыйлықтармен марапатталды. «Тарих» мамандығының бірінші-төртінші курс студенттері Жұлдыз Адырбаева, Сұлтан Қожамбердиев, Динара Жұматова, Идирисова Айдана мен команда капитаны Гүлдана Қапсұлтана және Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы,облыстық ғылыми-эксперттер тобының мүшесі Әбілмәліков Қуаныш Әлеуметтік-Гуманитарлық факультетінің менторы ретінде қатысып, құраманың қүрделі сәттерден өтуіне көмектесті.
Жеңімпаз болған достарымды және факультетті жеңісімен құттықтаймын!
Айдана Идрисова
Аударған: Салтанат Серікова, тарих мамандығының 3 курс студенті.