1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
- Подробности
- Опубликовано: 26 ноября 2018
2018 жылдың 26 қарашасында ҚМПУ - нің қоғамдық пәндер, құқық жэәне экономика негіздері кафедрасы оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әлібек Тамара Қайыржанқызы мен философия ғылымдарының кандидаты, доцент Амантаева Айгүл Бақытжанқызы педагогика және психология, жарактылыстану-математика факультеттерінің 1 - курс студенттерімен дәстүрлі түрде өткізілетін Тұңғыш Президент күніне арналған жаңа форматтағы лекторий өткізді.
Онда елімізде Президент күнінің қалыптасу тарихы, оның Америка Құрама Штаттары мен Европа елдеріндегі Президент институттарымен сабақтастығы және де ерекшеліктері, қалыптасу, даму кезеңдері туралы жан-жақты мәліметтер берілді.
Қазақстандағы президент институтының дамуындағы екі кезеңге аса зор мән берілді.
1-кезең: 1990ж. сәуірі-1995 ж.тамызы аралығы. Президент лауазымы енгізілгеннен бастап советтік үлгідегі квазипарламентаризмнен президенттік республиканың американдық үлгісіне өту: а/ атқарушы билікке басшылық жасау (1990ж. қазанынан); б/ жалпыхалықтық легитимділікке ие болып парламентке тәуелсідікке қол жеткізу (1991ж.1-желтоқсанына бастап).
2-кезең: 1995ж. тамызынан бүгінгі күнге дейін. «Француз» моделіне ауысу, жартылай президенттік, немесе президенттік-парламенттік республика.
Оны Қазақстан жағдайына бейімдеу, қазақстандық үлгі жасау.
Сонымен қатар Н.А.Назарбаев феноменіне арналған видеоролик көрсетілді, шағын викторина өткізілді.
Лекторий материалдарын талқылауда студенттер аса жоғары белсенділік танытты.
Қорытындыда Қазақстандағы президенттік институт тәжірибесі демократиялық дамуға жасалған нық қадам мен өркениеттік саяси жүйе құрудың алғышарты болғаны айтылды.
Т.Қ. Әлібек