Медиация тарихы: ұлы дала соты - билерден тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы заңдарына дейін. Екінші сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 05 декабря 2018
2018 жылдың 5 желтоқсанында медиация және халықтық дипломатия мектебінде «Медиация тарихы: Ұлы дала соты - билерден тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы заңдарына дейін» цикліндегі кезекті сабағы өтті. Сабақты ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова жүргізді.
Қазақ қоғамында медиация рәсімінің ертеден келе жатқаны қызықты жайт. Ерте ғасырдан берi даулар құрметтi ақсақалдар мен билердiң көмегiмен шешiлген. Қазiргi медиаторлар осы iстi заң аясында жаңартуды ұсынып отыр.
Студенттер сабақта «Медиация туралы Заңды» зерделеп, «медиация» ұғымын, Медиация принциптері мен медиативтік процесті жүргізу тәртібін қарастырды.
Медиация және халықтық дипломатия мектебінің тыңдаушыларын жақын арада Қостанай мемлекеттік сотының медиация кабинетіне апаруды жоспарлап отырғанымызды қоса кеткіміз келеді.