Медиация мектебі тыңдаушыларының қалалық сотқа сапары
- Подробности
- Опубликовано: 07 декабря 2018
2018 жылдың 7 желтоқсанында Медиация және қоғамдық дипломатия мектебі оқытуының аясында Медиация мектебінің тыңдаушылары алғаш рет Қостанай қалалық сотына барды.
Студенттерді келісу рәсімдерінің жүргізілуін көрсету үшін мамандандырылған қалалық соттың судьясы Гүлсара Елтайқызы Рахметуллина қарсы алды.
Кездесу барысында қалалық соттың медиация кабинетіне экскурсия жасалды, медиация процесінің ерекшеліктері мен мақсаттары туралы айтылып, медиация қағидаларының мәнін қысқаша түсінік берілді.
Студенттер Медиация кабинетінде «тараптардың тең құқылығы» принципінің қатаң сақталуына назар аударды. Осы жағдай медиация процесіне қатысушыларға арналған екі бірдей орындық пен қаламның болуынан, сондай-ақ, судья мен медиация қатысушыларының бірдей арақашықтығынан байқалды.
Гүлсара Елтайқызы студенттер алдында сөз сөйлей отырып, келісу рәсімдері жанжалдарды шешуге, тараптар арасында қатынас орнатуға және тараптардың тиімді шешім қабылдауына бағытталғанын атап өтті.
Студенттер Гүлсара Елтайқызына ұйымдастырылған кездесуге және келісу рәсімін өткізетін судьяның жұмысын тікелей көруге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.