Этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚМПУ студенттерімен кездесуде

2018 жылдың 11 желтоқсанында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттері үшін ҚМПУ ҚХА кафедрасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған этносаралық келісім мен толеранттылық мәселелері бойынша "Ұлттық бірлік – Қазақстанның стратегиялық таңдауы" атты диалог алаңы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен болып өтті.

Диалог алаңының модераторы ретінде Қостанай облыстық ҚХА мүшесі, ҚМПУ құрметті профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко сөз сөйледі.

Студенттер алдында спикерлер ретінде ҚХА мүшесі, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы А. Б. Бекмағамбетов; Қостанай ҚХА мүшесі, Қостанай облыстық "Nabzieja" поляк қоғамының төрағасы В. Л. Радомский; Қостанай облыстық ҚХА мүшесі, ҚР Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша Украинаның құрметті консулы А.В.Тарасенко; Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Ольга Николаевна Евдокимова сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөздерінде этносаралық бейбітшілік пен келісім мәселелерін көтерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу тарихы мен оның бастауында тұрған адамдар жайында айтты. Студенттерге халық достығы мәселелерінің маңыздылығы мен өзектілігін өз басынан өткен мысалдар арқылы түсіндіріп, тұлғаның жақсылық, достық, қайырымдылық және мейірімділік қасиеттерін қорғауға дәлелдер келтірді.

Валерий Георгиевич тыңдаушылардың мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдары туралы білімдерін тексеру үшін блиц-сауалнама жүргізді.

Диалог алаңында қатысқан әрбір студент қарастырылып отырған тақырыпты терең зерделеудің өзектілігі мен қажеттілігін түсінді.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚМПУ студенттерімен кездесуде