Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері халықаралық конференцияда талқыланды
- Подробности
- Опубликовано: 12 декабря 2018
2018 жылдың 12 желтоқсанында онлайн режимде «Мәңгілік ел» мәнмәтініндегі қоғамдық сананы және ұлттық кодтың сақталуын жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасы мен ҚХА кафедраларының республикалық қауымдастығы ұйымдастырған конференция жұмысына белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, Қазақстан, Ресей және Украинаның ғалымдары, сондай-ақ Қазақстанның әр аймақтарынан 11 ҚХА кафедрасы қатысты.
Пленарлық бөлім барысында Л.А.Прокопенко, Л.Т.Уатаева, А.К. Садуақасова, Г.В.Кан, Н.П.Калашникова, С.Н.Мамытова, Н.У. Шаяхметов және басқа да Қазақстанда және одан тыс жерлерде кеңінен танымал ғалымдардың сөздері тыңдалды.
Студенттік жастардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша кафедраның жұмысы туралы баяндама жасай отырып, ҚМПУ ҚХА кафедрасының өкілдері конференцияға сырттай қатысты.
Ұйымдастырушылар конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын дайындап, оны конференцияның барлық қатысушыларына ұсынады.