Республикандық ғылыми-практикалық конференция «Қазақстан өркениеттердің әлемдік қауымдастығында»

2018 жылының 20 желтоқсанда Университеттің «Рухани жаңғыру» жоба офисінде «Қазақстан өркениеттердің әлемдік қауымдастығында» республикандық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырған Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің қоғамдық пәндер, құқық негіздері және экономика кафедрасы.

Осы конференцияның жұмысына біздің және басқа облыстардан, БАҚ, ЖОО, колледждер мен мектептердің өкілдері қатысты.

Конференция Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Қазақстанның төртінші жаңғыруы - қоғамның рухани жаңаруы аясында өткізілді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізудің мақсаты Қазақстанның әлемдік өркениет қауымдастығындағы орны мен рөліне, сондай-ақ, Еуразия кеңістігіндегі геосаяси жағдайына қатысты кең ауқымды мәселелерді зерттеу және жандандыру болып табылады.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің төртінші жаңғыруын бастады, оның басты мақсаты әлемнің 30 жетекші елінің қатарына ену болып табылады.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсат, міндеттері: ұлттық саналы, отансүйгіштік ұлттық рухты, әлеуметтік жадысы бар, заманымыздың сын-тегеуіріндеріне жауап беретін әлеуметті-белсенділігі жоғары деңгейдегі жаңа ұрпақтың қоғамдық сана-сезімін қалыптастыру; ұлттық рухтың, ұлттық сәйкестіктің және халықтың кодының мәдени-тарихи бірегейлігін сақтау; педагогикалық білім беру жүйесіне заманауи инновациялық технологияларды енгізу; әлемдік шаруашылық жүйесінің түрлі интеграциялық құрылымдары мен бірлестіктеріндегі тәуелсіз Қазақстанның рөлі.

Конференция қоғамдық сананы жаңғырту аясында геосаяси, тарихи, экономикалық, педагогикалық, психологиялық және басқа да аспектілерді мынадай бағыттар бойынша талқылауға ұсынылды:

  • 1-тақырып. Қоғамдық сананы жаңғырту - Қазақстанның сапалы қайта құруының негізі
  • 2-тақырып. «Туған жер» - ескерткіштер мен тұлғалардағы тарих
  • 3-тақырып. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі инновациялар және заманауи педагогикалық технологиялар
  • 4-тақырып. Жаһандану жағдайында Қазақстанның әлемдік экономикада интеграциялануы.

Бухметова А.А.

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Республикандық ғылыми-практикалық конференция «Қазақстан өркениеттердің әлемдік қауымдастығында»