Этносаралық келісім – мемлекеттің қарқынды дамуының кепілі
- Подробности
- Опубликовано: 18 января 2019
2019 жылдың 18 қаңтарында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы, Тарих ғылымдарының кандидаты Вишниченко Валерий Георгиевичпен «Этносаралық келісім – мемлекеттің қарқынды дамуының кепілі» тақырыбында студенттердің қатысуымен диалог алаңы өтті. Кездесуге Қазақстан халкының ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Евдокимова Ольга Николаевна және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Карбенова Зауре Оразбекқызы.
Диалог алаңы студенттердің Отанымыз Қазақстан жайлы патриоттық сезім тудыратын өлең жолдарынан бастау алды. Қонақтар тарапынан Валерий Георгиевич, атақты ирлан драматургы, романист, әдебиет бағытында Нобель сыйлығының лауреаты, танымал ирландық әдебиет қайраткері Джордж Бернард Шоу сияқты танымал жазушылардың санаға ой қалдыратын, бірлік пен татулыққа шақыратын қанатты сөздерін тілге тиек ете өз сөзін бастады. Профессор өз өмір жолындағы қызықты оқиғаларына, Қазақстанның даму жолындағы тарихы, елбасы ерлігі және қазіргі таңдағы Қазақстанның ұлтаралық жағдайына тоқтала кетті.
Келесі сөз А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жақып Қалқаман Хасенұлы, Қазақстан халқының ассамблеясының даму жолының тарихына тоқталып, этносаралық келіспеушіліктер және олардың алдын алу туралы көптеген мысадар келтірді. Диалог алаңы бір тыныспен өтті. Студенттер өз сұрақтарын еркін қойып, тиісті жауаптарын алды.
Кездесу соңында Қалқаман Хасенұлы облыстық Достық үйінің 2019 жылға қойған, Ұлттық әрі дәстұрлі сипат алатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Бұл іс-шараларға барлығымыз белсенді ат салысып, барлық қазақстандықтардың бірігіп, тату өмір сүруіне өз үлесімізді қоса аламыз.