Қазақстан Халқы Ассамблиясы кафедрасының білім беру жобасы аясында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттерімен кездесу

2019 жылдың 21 қаңтарында ҚХА кафедрасында «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: консультативтік-кеңес берудің конституциялық органға көшіру ерекшеліктері» білім беру жобасының шеңберінде «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздері» атты диалог алаңы өтті.

Кездесу жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану кафедрасының «Химия», «География», «Биология» мамандықтарының студенттерімен өткізілді.

ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова кездесу басында студенттермен диалог алаңының спикерлерін таныстыра отырып, «толеранттылық», «келісім», «қоғамдық келісім» тақырыптарындағы негізгі ұғамдарды талқыға салды.

Дөңгелек үстелдің басты спикері – ҚХА кафедрасының профессоры В.Г. Вишниченко этносаралық толеранттылық пен қоғамдық сананың қазақстандық үлгісінің негізгі ережелер Концепциясы, сондай-ақ осы құжаттың қабылдану тарихы мен этникалық және азаматтық бірегейлік туралы, біздің мемлекетіміздің басты міндеті ретінде бейбітшілік пен келісімді сақтау қажеттілігінің негізгі ережелері жайында әңгімелеп берді.

Валерий Георгиевич өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Отбасында екеу келіспесе – шаңырақ шайқалады, екі басшы келіспесе – компания күйрейді, ал ел ішінде, ұлт пен ұлыс арасында жанжал шықса –мемлекет құлайды» деген сөздерін тілге тиек етті. Көшбасшымыздың бұл сөздері әрбір саналы қазақстандықтың жүрегі мен ақыл-парасатына әсер етіп, көп ұлтты Қазақстанды досқа құрмет рухында тәрбиелеп отырғанын атап өтті.

ҚХА кафедрасының профессоры З.У. Карбенова облыстық Достық үйінің жұмысы туралы түсінік берді. ЖМФ деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Б. Баймағанбетова кездесуді қорытындылай келе, Қазақстандықтардың бірыңғай менталитетке ие екендігін атап өтті.

Оқытушы: «Біз мерекелерді де бірге атап өтеміз», - деп өз сөзін қорытындылады.

Осы білім беру жобасы білім беру мекемелерінде рухани бірлік, келісім мен тұрақтылық идеяларын таратуға; қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттауға; ҚХА қызметін жандандыруға; студенттік жастарды толеранттылық, отансүйгіштік рухында тәрбиелеп, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған.

Жобаның модераторы ҚМПУ құрметті профессоры, ҚМПУ ҚХА кафедрасының доценті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Валерий Георгиевич Вишниченко болды.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан Халқы Ассамблиясы кафедрасының білім беру жобасы аясында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттерімен кездесу