Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері Қазақстандағы этносаралық қатынас туралы талқылады
- Подробности
- Опубликовано: 22 января 2019
2019 жылдың 22 қаңтарында ҚХА кафедрасында «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: консультативтік-кеңес берудің конституциялық органға көшіру ерекшеліктері» білім беру жобасының шеңберінде «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздері» атты диалог алаңы өтті.
Кездесу жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану кафедрасының мемлекеттік тілде оқитын «Химия», «География», «Биология» мамандықтарының студенттеріне арнап ұйымдастырылды.
Диалог алаңының модераторы, ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова кездесу басында спикерлерді таныстырып, кездесудің өзектілігін нақтылап берді.
Дөңгелек үстелдің негізгі спикері – ЧелМУ ҚФ профессоры, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Ә.Б. Бекмағамбетов Ел бірлігі доктринасының негізгі ережелері, 2025 жылға дейінгі ҚХА даму Концепциясы, Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы жайында әңгімелеп берді. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынына баса назар аударды.
ҚХА кафедрасының профессоры З.У. Карбенова Жастар жылына арналған жоспарды жүзеге асыру аясында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының алдағы атқаратын жұмысы туралы түсінік берді.
Бұл ЖМФ студенттерімен болған екінші кездесу. Алдағы уақытта басқа факультеттердің студенттерімен де диалог алаңын өткізу жоспарланып отыр.