300 жылдықтарихы бар Қобыз
- Подробности
- Опубликовано: 23 января 2019
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде 2018 жылдың 23 қаңтары күні Облыстық Qostanai телеарнасы «Ақ орамал» бағдарламасында «Ғасырлардың зарын шерткен» тақырыбында қобыз аспабының тарихы жайында қызу пікірталас болды. Кеш қонақтары 300 жылдық тарихы бар Қызылорданың киелі қобызы мұрагері, қазіргі Қостанай қаласының тұрғыны Алан Тойғанов, әнші әрі термеші Қыдырбек Қиысқан, көріпкел Ақсұлу апай және Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Өнер кафедрасының аға оқытушы Ш.К.Есмаганбетовалар қатысты.
Бағдарламаны Гүлнұр Сейдахмет жүргізіп, хабар барысында қобыз аспабының киесі мен маңыздылығы жайлы айтылды. Қобыз иесінің бесінші ұрпағы қобыз тарихынан сыр шертсе, көріпкел Ақсұлу апай қобыз иесі жайлы қосымша мәліметтер берді. Қ.Қиысқан пен Ш.Есмаганбетовалар жалпы қобыз өнерінің тарихы мен аспап иесінің өмірі жайында біраз қызықты жайттар айтты. 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығының студенттері Т.Ақтас қобыз аспабында Абайдың «Көзімнің қарасы» мен Ж.Джолдасова қыл қобызда Ықыластың «Жезкиік» күйін ойнап, өнерлерін көрсетті.