«HANDMADE FROM KAZAKHSTAN» кәдесый өнімдер студиясы

2019 жылғы 28-і қаңтарда ҚМПУ 80-жылдығына және университетімізге физика-математикалық ғылымдарының докторы,  ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазинның есімі берілуіне байланысты  «Start up Bolashak 2019», студенттік стартап жобаның финалдық кезеңі өтті. Финалда «Туризм», «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және сызу», «Тарих», «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының 5 командасы қатысты. 

«Бейнелеу өнері және сызу» БББ студенттері Абдрахманова Дилара, Қауатаева Дарина, Ибраев Алишер дайындаған «HANDMADE FROM KAZAKHSTAN» кәдесый өнімдер студиясы атты жобалары 3 орынды иеленіп, 50000 теңгемен марапатталды (ғылыми жетекшілері: п.ғ.к. Сапиева М.С., кафедраның аға оқытушысы Жусупова Д.Ж.). Жобаның мақсаты киізден жасалған кәдесыйлар жасау студиясын құру. Осы жоба Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.

Жоба студенттерге дәстүрлі қазақ өнері мен қолөнерін зерттеуге мүмкіндік береді, ғылыми-зерттеу жұмыстары ежелгі техниканың жоғалған құпияларын қайта құруға көмектеседі. Тәжірибеде қолданылған, игерілген киіз илеу дағдылары жас ұрпақтың шығармашылық потенциалынын анықтауға көмектеседі, олардың әрі қарай дамуларына негіз болады. Осы заманғы киіз өңдеу технологиялары қолдану арқылы өнім түрлерінің көбеюіне көмектеседі - бұл сумкалар, блакнот, ұялы телефон, ноутбуктар тыстары, көзілдірік қабтары және әртүрлі аксессуарлар мен әшекейлер.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «HANDMADE FROM KAZAKHSTAN» кәдесый өнімдер студиясы