Тарихшы-студенттер В.Г. Вишниченконың жеке тектік қорының тұсаукесерінде
- Подробности
- Опубликовано: 01 февраля 2019
Ақпан айының 1 жұлдызында облыстық Достық үйінде қоғам қайраткері В.Г. Вишниченко 70 жылдық мерей тойына орай жеке тектік қорының тұсаукесері өтті.
Валерий Георгиевич көп жыл бойы республика мен облыста ірі қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының бастауында тұрған, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін дамытуға елеулі үлес қосқан дана басшы және жаны жайсаң, кең жүректі қарапайым адам ретінде таниды.
Қостанай мемлекеттік мұрағатына ұсынылатын жеке тектік қорына мерейтой иесінің кітаптары, марапаттары, грамоталары, мақалалары, фотосуреттері, жеке құжаттары енді.
Жиналған қонақтардың алдында Марат Жүндібаев (облыс әкімінің орынбасары), С. Т. Ахметов (Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының басшысы), Б. Н. Сандыбеков (Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы), Қ.У.Укин (облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы), С. Б. Буканов (облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы) құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, осы күні туған күн иесінің атына ҚХА мен қоғамдық даму министрінен құттықтау сөздер келіп түсті.
Кештің басты оқиғасы В. Г. Вишниченкоға Қостанай қаласының Құрметті азаматы белгісінің табыс етілуі болды.
Қордың салтанатты тұсаукесеріне ҚМПУ тарих факультетінің І курс студенттері қатысты. Студенттер іс-шараның соңында: «Керемет!», «Ғажап!», «Өте қызықты болды», «Бізге ұнады!» - деген баға бере отырып, профессорларына еңбегінің нәтижесі қуаныш пен қанағат әкелуін тіледі.
Валерий Георгиевич 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында жұмыс істеуде. Оның жетекшілігімен ҚХА кафедрасында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы: консультативтік-кеңес берудің конституциялық органға көшіру ерекшеліктері» білім беру жобасы әзірленді. Осы жобаның аясында білім беру мекемелерінде рухани бірлік, келісім және тұрақтылық идеяларын таратуға, ҚХА қызметін насихаттауға, студент жастарды толеранттылық, патриотизм рухында тәрбиелеуге, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған кездесулер мен диалог алаңдарын өткізу жоспарланды.