Медиация мектебі Қостанай колледжінде тәжірибемен бөлісті
- Подробности
- Опубликовано: 15 февраля 2019
2019 жылдың 15 ақпанында қызмет көрсету колледжінде медиация мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында «Медиация – дауларды баламалы реттеу» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде колледж студенттері баяндама жасады. Кашкарова Александра медиация институтының даму тарихына тоқталса, Дей Артур Қазақстан Республикасындағы медиацияның қалыптасуы мен болашағы туралы әңгімеледі.
Қостанай облысы ҚХА-ның медиация Кеңесінің мүшесі, Қостанай облыстық сотының отставкадағы соты Л. Г. Прохорова медиацияның қағидалары мен артықшылығы туралы әңгімелей отырып, медиативті процестерді ойдағыдай өткізу тәжірибесімен бөлісті.
ҚМПУ-дағы медиация және халықтық дипломатия мектебінің жетекшісі, ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова «Медиация мектебі: студенттермен жұмыс істеу тәжірибесінен» тақырыбында баяндама жасап, тыңдаушылармен тренинг өткізді.
Ол студенттерді топтарға бөліп, жағдаяттық тапсырмаларды қарауды ұсынды. Жағдайды талқылауға колледж оқытушыларының қатысуы әсерлі болды. Бұл әр түрлі жастағы топтардың мәселелерді шешу жолдарын салыстыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара белсенді, жемісті өтті және өзіндік оң нәтижелерге ие болды.