Достық үйіндегі дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 22 февраля 2019
22 ақпан күні облыстық Достық үйінде "Ұлы даланың жеті қыры" атты дөңгелек үстел өтті. Отырыста Қостанай жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ҚР Президентінің мақаласына тағы бір рет тоқталып, ұлттық тарихты сақтау және заманауи ғылым тұрғысынан тарихи сананы жаңғырту мәселелерін қарастырды.
Дөңгелек үстелге ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В. Г. Вишниченко қатысып, «Тарихи сананы жаңғырту: архивтер мен іздеу-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік іске асырудағы рөлі» атты баяндама жасады.
Ол өз сөзінде барлық отандық және шетелдік архивтерге іргелі зерттеулер жүргізу қажеттілігіне тоқталды. Облыстық Мемлекеттік архив іздестіру - зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде үлкен көмек көрсете алады. Ол студенттерді ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде архив материалдарына жиі жүгінуге, іргелі зерттеулермен айналысуға, археологиялық, мұражайлық, ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы ұлттық тарихқа қосылуға шақырды.
Отырыс қорытындысы бойынша, аталған мақала жас мемлекетіміздің тарихын терең түсіну үшін маңызы зор және Қазақстан халқының тарихи жадын қалпына келтіруге бағытталған бірқатар стратегиялық міндеттерге қосымша болып табылады деген шешім қабылданды.