Алғыс айту күні-қазақстандық қайырымдылық, қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мерекесі
- Подробности
- Опубликовано: 01 марта 2019
2019 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Қазақстанда Алғыс айту күніне арналған "Ұлтаралық және мәдениетаралық диалог Қазақстанның тұрақты дамуының шарты және кепілі" тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу модераторы ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Ольга Николаевна Евдокимова болды. Кездесуді өткізуге «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері көмектесті.
О. Н. Евдокимова өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде 2016 жылдан бастап 1 наурыз күні Алғыс айту күнін атап өтетініміз тоқталды. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған – 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл мереке жер аудару мен жаппай қуғын-сүргіннің ауыр жылдарында көптеген ұлттар мен ұлыстарды өз жерінде қабылдаған қазақ халқына деген ризашылықты білдіреді.
Кездесу жүргізушілері Әсел мен Рашид кездесуге қатысушыларды құттықтап, мерекенің пайда болу тарихын, оның мақсаты мен идеологиялық маңызын айтып берді.
Баймұхан Ержан жер аудару және қатал тоталитарлық тәртіптің қиын және қайғылы кезеңдерінің нәтижесінде Қазақстан аумағына кәрістер, поляктар, немістер, ингуштар, Солтүстік Кавказ халықтары қоныстандығы туралы айтып берді,
Биыл кәрістердің жер аударылғанына 82 жыл толады. Қазақстан аумағына кәрістерді мәжбүрлеп көшіру, осы халықты басынан кешірген ауыр күндер, аштық пен суық туралы т. ғ. к., доцент Е. В. Ярочкина баяндады. Айта кету керек, оның атасы мен әжесі 1937 жылы жер аударылған кәрістердің қатарына кірді.
Кездесу қонағы «Надея» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Леонидович Радомский болды. Ол өз ата-анасының естеліктері бойынша Польша халқының Қазақстанға жер аудару және қазіргі заманғы отбасындағы екі халықтың салт-дәстүрлері мен мәдениеттерінің өрлеуі тарихын айтып берді. Виктор Леонидович өз сөзінде жер аудару мен жаппай қуғын-сүргіннің ауыр жылдарында көптеген поляк отбасыларын қабылдаған қазақ халқына ризашылығын есте сақтау туралы әкесінің аманатын еске алды.
Кездесу ингуш ақыны Гирихан Гагиевтің «Я помню Казахстан….Я помню свист пурги» өлеңін мәнерлеп оқумен аяқталды.
Облыстық ҚХА мүшесі, ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко қонақтар мен студенттерге мазмұнды және қызықты кездесу үшін алғысын білдірді, бүгінгі мерекенің жоғары тарихи маңыздылығын, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың авторы болып табылатын этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің бірегейлігін атап өтіп кездесуді қорытындылады.