Қамысты ауданында медиация мектебі бойынша семинар
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2019
2019 жылдың 5 сәуірінде Қамысты ауданының оқушылары мен мұғалімдері үшін мектеп медиациясы бойынша семинар-тренинг өткізілді. Аталған семинар мектеп ұжымында медиация институтын одан әрі дамытуды насихаттауға бағытталды және облыстық Достық үйінің жобасы аясында өтті.
Семинар бағдарламасында бірнеше алаң ұйымдастырылды. Бірі - мектеп оқушыларымен жұмыс болса, екіншісі - оқытушылармен жұмыс.
Семинарда О. Н. Евдокимова «Мектеп жанжалдарын шешудегі медиативтік тәсіл және медиация» атты алғы сөзінің аясында медиация және оның мақсаты туралы айтып, ҚМПУ жанындағы медиация және халықтық дипломатия мектебінің жұмыс тәжірибесімен таныстырды, жұмыс тәжірибесінен алынған кейбір әдістемелік тәсілдерімен бөлісті және оқытушылар арасында оқушылар мен мұғалім арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге арналған тренинг өткізді.
Семинар барысында тыңдаушылар: «ЖОО-да медиация пәнін енгізу жоспарланып отыр ма?», «Қала мектептерінде медиация мектебінің кабинеттері бар ма?», «Медиация және халықтық дипломатия мектебіндегі сабақтарда ҚМПУ-дағы студенттердің өмірінен қандай мысалдарды қарастырасыз?» және т. б. сұрақтар қойды.
Семинар соңында оқытушылар тренингке оң баға беріп, аудан мектептерінің оқытушыларымен практикалық сабақтар өткізу үшін спикерлерді тағы да шақырды.
Өз кезегінде О. Н. Евдокимова мектеп мұғалімдерін университетімізде ұйымдастырылатын мектеп медиациясы бойынша біліктілікті арттыру курстарына шақырды.