ҚХА кафедрасында филолог-студенттер Қазақстандағы ұлттық бірлік туралы ой қозғады
- Подробности
- Опубликовано: 04 апреля 2019
2019 жылдың 4 сәуірінде ҚХА кафедрасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға ауысу ерекшеліктері» білім беру жобасы аясында «Болашақтың біртұтас ұлтын қалыптастыру - Қазақстанның стратегиялық таңдауы» атты кезекті диалог алаңы өтті.
ҚХА кафедрасының профессорлары, п. ғ. к. З. У. Карбенова мен т. ғ. к. В. Г. Вишниченко филология факультеті студенттерінің алдында сөз сөйледі.
Студенттер диалог алаңының жұмысына белсенділік танытып, пікірталасқа қатысып, мәселеге байланысты өз ойларын ашық айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба 2019 жылдың қаңтарында басталған болатын. Тыңдаушылардың жалпы саны 200-ден аса адамды қамтыған 5 кездесу өтті. Жобаны ұйымдастырушылар келесі жылы спикерлер мен студенттермен кездесулер санын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Студенттер аталмыш жобаның арқасында «толеранттылық», «бірегейлік» және т. б. ұғымдарды зерделеп, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі туралы білді.
Жобаның негізгі мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруда жастардың азаматтық белсенділігін арттыру; қазақстандық жаңа патриотизмді нығайту; Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының идеяларын көпшілікке тарату және дамыту; қазіргі замандағы барлық қауіп-қатерлер мен жаһандану сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған Ел басының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын зерделеу болып табылады.