ҚМПУ ҚХА кафедрасы «Nur Otan» партиясының шешімін қолдайды
- Подробности
- Опубликовано: 23 апреля 2019
2019 жылдың 23 сәуір күні Достық үйінде облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының дөңгелек үстелі өтті.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Nur Otan» партиясының кандидатын қолдауы туралы шешімін ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В.Г. Вишниченко мен ҚХА кафедрасының профессоры, п.ғ.к. З.У. Карбенова ұсынды.
Валерий Георгиевич өз сөзінде атап өткендей, «бүгінгі саяси оқиға мен «Nur Otan» партиясының ел Президенті лауазымына кандидат ретінде ұсынуы, менің ойымша, ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың айқын сызған, біздің еліміздің бағыт саясатын жалғастырудың өзгермегенін айқын дәлелі болып табылады.
Қ-Ж. Тоқаевтың жеке тұлғасы біздің елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Қ-Ж Кемелұлы тек кәсіби саясаткер, мемлекет қайраткері ғана емес, ел мәселелерін терең білетін, сонымен қатар әлемдік аты бар дипломат.
Оның әлемдік саясатта беделі мығым. Сондықтан, Ұлт Көшбасшысының оның кандидатурасын ұсынуы бірден-бір дұрыс шешім деп санаймын».
Қазақстан үшін Елбасы бағытының іргелі құндылықтар сабақтастығы мен ұстанымдары туралы З.У. Карбенова айтып берді.
Дөңгелек үстелдің екінші мәселесі алдағы уақытта болатын ҚХА XXVII сессиясының рөлі мен маңыздылығына арналды. Баяндамашы О. Н. Евдокимова болды. Өз сөзінде ол ҚХА-ның басқарушы органы ретінде сессияның тарихи маңыздылығын, жыл ішіндегі жұмыс қорытындысын шығару, тәжірибе бөлісу және болашаққа міндеттер қою мүмкіндігін атап өтті.