Медиация және халықтық дипломатия мектебіндегі бітіру
- Подробности
- Опубликовано: 23 мая 2019
2019 жылы 23 мамырда, оқу жылының соңында медиация және халықтық дипломатия мектебінде медиация мектебінің басшылары өз тыңдаушыларына қорытынды сабақ өткізіп, медиация курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.
Сабақ үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде түлектерге тесттің 20 сұрағына жауап беру ұсынылды. Екінші кезеңде студенттер шағын топтарда психологиялық-педагогикалық міндеттерді қарастырып, ұсынылған даулы жағдайды шешу жолдарын ұсынды. Үшінші кезеңде емтихан комиссиясының шешімі бойынша мектеп түлектеріне сертификаттар табыс етілді.
Емтихан комиссиясының мүшелері ретінде ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко мен ҚХА кафедрасының профессоры п. ғ. к. З. У. Карбенова сөз сөйледі.
Түлектер өздеріне сабақ берген оқытушыларды ризашылықпен еске алды. Медиация тарихын және қазақ даласындағы медиацияның пайда болуын т. ғ. к., қосымша білім беру факультетінің деканы С. В. Самаркин әңгімелеп берді.
«Конфликт» ұғымын, конфликт жағдайының құрылымы мен конфликт жағдайындағы мінез-құлық ережелерін п. ғ. к., профессор Т. И. Смаглий айтып берді.
Оппонентке әсер ету техникасын, өз серіктесін «есту!» дағдысын аға оқытушы, магистр А. К. Бисенбаева үйретті.
Студенттер Медиация мектебінде оқу барысында Қостанай облысы медиаторлар қауымдастығына, «Коғамдық келісім» жанындағы медиация кабинетіне, облыстық соттағы медиация кабинетіне барды.
Медиация мектебінің ұйымдастырушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде медиация және халықтық дипломатия мектебі базасында медиативтік өзара іс-қимыл саласында дайындықтан өткен тыңдаушылар өмірлік жағдайларда жақсы бағдарланады және даулы жағдайларда аз күйзеліске ұшырайды деп санайды.
Түлектер стресстік және жанжалды жағдайларда бірегей тәжірибе мен практикалық дағдыларға ие болады, өз қатарларымен және ересектермен қарым-қатынасты сауатты қалыптастырады.
Медиация мектебіндегі жұмыс келесі оқу жылы қайта жаңартылады. Осыған байланысты, біз, Қостанай қаласының білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушыларын қосымша білім беру аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі ҚХА кафедрасының Медиация мектебінде тегін оқуға шақырамыз.