Ұлы даланың хас батырлары
- Подробности
- Опубликовано: 19 сентября 2019
2019 жылдың 19 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлыларды ұлықтау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қарасай ауылында Қарасай мен Ағынтай батырларының мемориалдық кешеніне 20 жыл толуымен және қазақ батырлары – Қарасайға 421 жыл, Ағынтайға 420 жыл толуына орай М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Ұлы Даланың хас батырлары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция жұмысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Көкшетау қалаларынан келген көрнекті ғалымдар, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, тарихшылар, өлкетанушылар, ұйым өкілдері, ардагерлер, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінен т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы «Қазақ тарихындағы батырлар институтының методологиялық мәселелері», профессор Өтеген Ихсанұлы «Қазақ қоғамындағы батырлар институтының эволюциясы» және PhD доктор, Рауан Жомартұлы «Ұлы даланың жеті қыры» және тұлғатану мәселесі» тақырыбында мазмұны терең баяндамаларын оқыды.
Аталмыш конференция 20 қыркүйекте Айыртау ауданы Қарасай ауылында «Батырлар даңқы – бабаларға құрмет» тақырыбымен жоспарланған кешенді іс-шарамен жалғасын тапты.
Кешенді іс-шара елін, жерін қорғаған қазақ батырларының тұлғасын ашып көрсетуді және олардың ел үшін жасаған ерен ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету, отаншылдық қасиеттін арттыру және рухани жаңғыру бағытындағы ұлылардың дәріптеуді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байдалы Р.Ж.