Мектеп медиациясы бойынша семинар
- Подробности
- Опубликовано: 21 сентября 2019
Затоболдағы №3 мектеп-гимназиясының оқушылары медиация негіздері жайында білім алды.
2019 жылы 21 қыркүйегінде аталған мектеп оқушыларына арнап «Мектеп медиациясы және халық дипломатиясы» атты оқыту семинары өткізілді.
Семинарды облыстық Достық үйі ұйымдастырды. Мақсатты аудитория ретінде 3 жұмыс тобына бөлінген 9-11 сынып оқушылары болды. Әр топта жеке тренер жұмыс істеді, олар: облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация Кеңесі төрағасының орынбасары, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Ольга Евдокимова, ҚХА Қоғамдық медиаторы Гүлнәр Латыпова және «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасы Руслан Мырзағалиев.
Тренерлер жұмыс алаңдарында тыңдаушыларды медиация институтының тарихы, медиативтік процестің негізгі кезеңдері туралы хабардар етті. Теориялық бөлімнен кейін болған тәжірибелік бөлімде оқушылар ойын түрінде әртүрлі даулы жағдайларды шешу мүмкіндігіне ие болды.
Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дау-жанжалды жағдайларды реттеу бойынша маңызды білім мен білікті ғана емес, сонымен қатар, мектеп медиациясы курсынан өткендігі туралы сертификаттар алды.