Сарыкөл ауданындағы жиын
- Подробности
- Опубликовано: 08 октября 2019
2019 жылы 8 қазанда Сарыкөл ауданында облыстық ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің қатысуымен қоғамдық қабылдаудың пленарлық отырысы өтті.
Бағдарламаға сәйкес, аудан тұрғындары алдында бірінші болып Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Б. Б. Аккужина сөз сөйледі. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары мен жобалары туралы айтты.
Кездесудің екінші спикері, А. Байтұрсынов атындаңғы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының директоры, облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі Әлібек Табулденов Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы туралы айтып берді.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков оқу, емделу немесе тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі туралы айтып берді. Ол қазір бұл ақшаны шоттан алудың қалыптасқан механизмі жоқ. Үкімет бұл мәселемен айналысады, бағдарламалар әзірлейді және жыл соңына қарай зейнетақы жинақтарын азаматтардың қайсысы, қандай жағдайда ала алатыны белгілі болады деп, өз ойын жеткізді.
ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова отырыс спикерлерінің бірі болды. Ол өзінің «Медиация институтын қоғамдық келісім және қазіргі Қазақстанның тұрақтылығын сақтау құралы ретінде дамыту (Қостанай облысы мысалға алғанда)» атты баяндамасында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ жанындағы медиация мектебінің жұмысы мен облыстық ҚХА медиация Кеңесінің қызметі туралы айтып берді.
О. Н. Евдокимова аудан мектептерінде медиация кабинетін ашу мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс жасады. Спикер медиация кабинеттерінің жұмысына әдістемелік және білім беру жағынан көмектесуге уәде берді. Спикер: «Алдағы ҚХА-ның 25 жылдығы мен еріктілер жылында аудан мектебінде медиация кабинетінің ашылуы өте өзекті болады» - деп, сөзін түйіндеді.
Білім беру бөлімінің басшысы мен аудан педагогтері О. Н. Евдокимованың ұсынысын қолдап, осындай кабинеттердің ашылуы қажеттілікке айналғанын атап өтті.