Қобызшылар ансамблінің жеңісі

01 12 2019 k

2019 жылдың 1 желтоқсан күні «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенттері Ақтас Томирис пен Қуанышбекова Балауса, Қостанай қаласының №1Балалар шығармашылығы мектебінде «Ғасырлық өнер мұрасы» атты Қазақстанның үздік өнер қайраткерлеріне арнау шығармашылық жобасы ұйымдастыруымен өткізілген Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған Республикалық музыкалық өнер байқауына қатынасты. Байқауға ұлттық музыкалық аспап номинациясы бойынша қобызшылар ансамблімен «Елік ай» және «Қараторғай» әндерін орындап бақ сынасты.

Студенттеріміз жүлделі екінші орынға ие болды. Өнер кафедрасы аға оқытушылары, жетекші Есмаганбетова Ш.Қ. мен концертмейстер Ақбужурова С.Ж. жоғары кәсіби шеберлігі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.Байқаудың лауреаты ретінде 2020 жылдың 7-8 наурыз аралығында болатын «PRIMAVERA ROMANA» (Рим, Италия) Халықаралық байқауына қатынасуға жеңілдік алды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз