«Түркі генезисі және Алтын Орда» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті
- Подробности
- Опубликовано: 14 ноября 2018
13–14 қараша күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Алтын Орданың 750-жылдығына орай «Түркі генезисі және Алтын Орда» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы Аманжол Күзембайұлы болды.
Осы шарада т.ғ.д., профессор Еркін Аманжолұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Алтайтану және түркітану ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сартқожа Қаржаубайұлы, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің Шежірешілер Алқасының Хатшысы, Журналистер Одағының Мүшесі, Өлкетанушы Шалқарбек Карабаев, «Қазақстан тарихы» интернет-жобасының жетекшісі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Алтынбек Құмырзақұлы, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің Ақпарат Басшысы, Дүниежүзілік Қазақтар Қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Тарихшылар Конгресі Мүшесі Бахытхат Солтанбай, Тұғұрұлхан Қоғамдық Бірлестігінің мүшесі Ерланқан Данияр қатысты.
Келесі күні дөңгелек үстелге жиналған тарихшы ғалымдар Меңдіқара ауданындағы Тұрсынбай батыр кесенесіне барып, тағзым етті.
Фотогалерея https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2804778732875535