Филология факультетінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 03 февраля 2017
03.02.2017 жылы филологиялық факультетте ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Жолдауды талқылауға факультеттің барлық ұжымы және тәрбие жұмысы және әлеуметтік – экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Ахметов Т.А. қатысты. Кездесу барысында филологиялық факультетінің деканы, ф.ғ.к. К.Қ. Есіркепова мен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Карбенова З.У. жолдауға қатысып сөз сөйледі. Біздің еліміздің жаһандауының негізгі бағыттары және экономикалық өсудің, білімнің, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтаудың жаңа модельдері қарастырылды.