“Kazakhstan Spelling Bee – 2018” – атты ағылшын тіліндегі сөздерді әріптеп айту байқауының аймақтық турында жеңіске жеттік
- Подробности
- Опубликовано: 28 января 2018
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 - қаңтар күні Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханадағы Америка бұрышы базасында «Kazakhstan Spelling Bee - 2018» атты ағылшын тіліндегі сөздерді әріптеп айту байқауының аймақтық туры өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ағылшын тілін оқуға мотивациялау және мәдениетаралық қарым – қатынастарды дамыту. Байқауға қаламыздың ЖОО мен колледждарынан 40-тан астам студенттер қатысты.
Байқаудың негізгі ережесі әділ – қазылар алқасының айтқан сөзін қатесіз және кідірмей әріптеп айту. Әр айналым сайын қателік жіберген қатысушылар байқаудан шығарылып отырды.
Әділ қазылар алқасында облысымыздың шетел тілі бойынша жетекші сарапшылары, ЖОО мен мектеп мұғалімдері сөз сөйледі. Осы байқауда институтымыздың студенттері үздік көрсеткіштермен алға шығып 1,2 және 4 орындарға ие болды. Филология факультеті, шет тілдер кафедрасының 3 курс 31 АК (полияз) тобының студенті – Уткельбаев Жанибек 1-орынға ие болса, 2- орынды осы факультеттің 4 курс 41 АР (полияз)тобының студенті – Ким Татьяна иеленді. Айта кететін жәй институтымыздың «Тарих» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенті Қожамбердиев С. 4-орынға ие болып жақсы көрсеткіш көрсетті.
Аймақтық байқау турынан 1-3 орындарды иеленген студенттер, Астана қаласындағы, Республикалық турда облысымызды таныстыратын болады. (наурыз, 2018ж.)