Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы
- Подробности
- Опубликовано: 31 января 2018
31.01.2018 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қостанай қаласының Меңдіқара, Ұзынкөл, Амангелді, Алтынсарин аудандарының орта мектептерінен келген 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кездесуге келген мектеп оқушыларына ҚМПИ, филология факультетінің мамандықтары туралы ақпарат беріліп, үлестірме материалдар таратылды. Педагогикалық мамандықтардың артықшылығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары туралы толық ақпарат беріліп, бұл мамандықтарды игерген маманның құзыреттіліктері, кәсіби қызмет атқара алатын салалары туралы айтылып, насихат жұмысы жүргізілді.
Оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Түлектер тарапынан оқу ақысы, мамандықтарға бөлінетін грант көлемі, таңдау пәндері, шығармашылық емтихандар сипаты туралы сұрақтар қойылды. 11 сыныптары бойынша 20 оқушы қатысты, оның ішінде әдебиет мамандығын таңдағаны – 4 (Оразалиева Мөлдір – Жетіқара қаласы №9 ОМ, Сабыржан Нұрсұлтан – Жангелді ауданы М.Дулатов атындағы ОМ, Мінайдарова Әсемгүл – Меңдіқара ауданы Ломоносов ОМ, Самидосова Аружан – Алтынсарин ауданы). Өткізген үгіт-насихат жұмыстары өзінің оң нәтижесін береді деген үміттеміз.