«Spelling Bee» жарыс
- Подробности
- Опубликовано: 20 ноября 2018
2018 жылдың 20-шы қараша күні Американдық бұрыштама филология факультетінің шет тілдер кафедрасының оқытушыларымен бірге 2 және 3 курс студенттері арасында «Spelling Bee» байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі ережесі сөздерді әріптеп дұрыс айту. Студентке кез-келген бір сөз беріледі, сол сөзді студент әріптеп, дұрыс айтуы керек. Студенттің қателесуге немесе өз қатесін түзетуге құқығы жоқ. Бірақ байқау барысында сөзді қайталап айтуын, сөздің анықтамасын, осы сөзбен берілген сөйлемді немесе аудармасын сұрауға мүмкіндігі бар. Сайыста көп сөздерді дұрыс әріптеп айтқан студент жеңімпаз атанады. Байқауға 50-ден астам студент қатысты.
Жыл сайынғы байқаудың нәтижесі бойынша:
- 1 орын - 3 курс студенті Альшимова Жанар
- 2 орын - 2 курс студенті Әмірғалиев Алиби
- 3 орын - 3 курс студенті Шиков Илья ие болды.
Байқау қызықты болды, барлық қатысушылар осы іс-шараға жоғары белсенділік пен қызығушылық танытты. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл жарыс студенттерге көбірек сөздерді үйренуге, көп нәрсені оқуға, жаңа нәрселерді үйренуге талпындырады. Біз жеңімпаздарымызға одан әрі жетістік тілейміз, олар 2018 жылдың 25 қарашасында өтетін «SpellingBee» қалалық турниріне қатысады.
Кинжибаева А.С.