28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қола жүлдегерлерімен кездесу

Аталмыш жылдың үздік спорттық іс-шарасы Алаутау бөктері, Алматы қаласында өткен Халықаралық 28-Қысқы Универсиада болып табылатыны ешкімді күмәндандырмасы анық. Әлемнің 54 елінің 578 жоғарғы оқу орнынан 1613 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының белсенді спортшылары да төбе көрсетіп, «шорт-трек» қашықтыққа жүгіру түрінен жүлделі орындарға да ие болды.

2017 жылдың 4 сәуірі күні 28-Қысқы Универсиаданың қола жүлдегерлері, Қостанай мемлекеттік педагигкалық институтының дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері Тихонова Ольга және Крестова Анастасиямен кездесу өтті. Кездесу барысында спортшы қыздар Универсиадада болған қызықтармен бөлісіп, алған әсерлерін де тілге тиек етті. Сонымен қатар, спорт пен оқуды қатар алып жүруге болатынын, сүйікті ісіңе уақыт табу – өз қолыңда екенін спортшылар кездесуге келген студенттерге дәлелдеп түсіндіріп бере алды. Ольга мен Анастасия өз сөздерінде қолдау көрсетіп, жанкүйер болған барша қазақ еліне, соның ішінде жерлестері астықты алқаптағы ағайынға алғыстарын жаудырып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісе кетті. Студенттердің тосыннан келген сұрақтарына да тосылмай жауап беріп, әзілдесіп те отырды.

Институт ұжымы мен кездесуге келген қатысушылар спортшыларға тек қана жеңіс тілеп, алдағы сайыстарда сәттілік серік болсын деп жылы лебіздерін білдірді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қола жүлдегерлерімен кездесу