6 қарашада Дене шынықтыру,спорт және туризм факультеті Виктор Михайлович Ряскинді құрметтеді.

Институтта ең тұрақты ұжымның бірі - дене шынықтыру,спорт және туризм факультеті болып табылады. Виктор Михайлович Ряскин - факультеттің бұрынғы адамы боп есептеледі,ол 6 қарашада өзінің 70-жылдық мерейтойын атап өтті! Виктор Михайлович Ряскин – баскетболдан бапкер, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын аяқтағаннан бері 1971 жылдан бастап Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жұмыс істейді.Ұзақ уақыт бойы мұғалім болып жұмыс істеді,1992 жылдан 2000 жылға дейін спорттық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды.

1986 жылы Виктор Михайлович Ряскин «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды.1987 жылы «Қазақстан білімінің үздігі» атағы берілді. 2014-2015 оқу жылынан бастап факультетте күндізгі және сырттай бөлімдерінің соңғы курстарында өндірістік тәжірибенің жетекшісі болып табылады. Ряскин Виктор Михайлович - тәжірибелі оқытушы өз сабақтарын жоғары деңгейде өткізеді,әрдайым өз жұмысына шығармашылықпен қарайды.Виктор Михайлович Ряскин кәсіби деңгейін көтеру бойынша үнемі жұмыс істейді.

Ряскин Виктор Михайлович бапкерлік қызметпен белсенді айналысады. Ол ҚМПИ баскетболшылар командасын дайындайды. 2011 жылы Қостанай облысының құрама командасының құрамында дене шынықтыру факультетінің алты студенттері баскетболдағы спорт шеберлерінің нормативін орындап, Бүкіләлемдік спартакиаданың чемпиондары атанды. Факультеттің оқытушылары мен студенттері, мұғалімдер мен жаттықтырушылардың біліктілігін арттырғаны үшін үлкен алғыс білдіреді, алдағы күндерге зор сеніммен қарауды және шығармашылық ұзақ өмір сүруді тілейді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті 6 қарашада Дене шынықтыру,спорт және туризм факультеті Виктор Михайлович Ряскинді құрметтеді.